Қапшағайда күзетші бақылау тобының тексерісі кезінде оқ жаудыра бастаған
Полиция қызметкерлері хабарлағандай, мекеме қызметкері инспекторлардың жұмысына кедергі келтіру үшін қарудан оқ атқан
Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның 18 сәуірде сағат 23.00 шамасында болғанын хабарлады. Қапшағайдағы казинолардың бірінің күзетшісі бақылау тобы рейд жүргізген кезде қарудан оқ атқан деп хабарлайды NUR.kz сайты.
Осылайша, қызметкер инспекторлардың өз жұмысына кедергі келтіргісі келген. Оқ аспанға атылған. Зардап шеккендер жоқ. Күзетші дереу ұсталып, қаруы тәркіленген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлімі "Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам Қапшағай полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Следующая →