Қазақстанда төртінші тоқсанның басынан бастап төрт мыңға жуық оқушы корнавирус жұқтырған
Офлайн форматта оқитын балалардың көпшілігі Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыруда
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанда дәстүрлі білім беру форматы енгізілгеннен кейін мектеп оқушылары арасында коронавирустың өсуі тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Министрдің айтуынша төртінші тоқсан басынан бері 3706 оқушы корнавирус жұқтырған. Оның 1093-і оффлайн режимінде оқыса, ал 2613-і оқуды қашықтықтан оқыған.
Сонымен қатар министр "қызыл" аймақта орналасқан облыстардың әкімдіктеріне мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұсынды.
Следующая →
Министрдің айтуынша төртінші тоқсан басынан бері 3706 оқушы корнавирус жұқтырған. Оның 1093-і оффлайн режимінде оқыса, ал 2613-і оқуды қашықтықтан оқыған.
- Төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын ауырған мектеп оқушыларының көп пайызы Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Ал онлайн оқу форматында - Нұр-Сұлтан мен Алматыда, - деді Алексей Цой.Министр әкімдіктерге білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және COVID-19 профилактикасы бойынша негізгі іс-шаралардың орындалуын бақылау қажет екенін атап өтті. Оның ішінде таңертеңгі сүзгі, қызметкерлердің маска режимін сақтау, мекемелердегі дымқыл тазарту және дезинфекциялау.
Сонымен қатар министр "қызыл" аймақта орналасқан облыстардың әкімдіктеріне мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұсынды.
Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане Алексей Цой Министерство здравоохранения РК Традиционный формат обучения