Павлодарлық полицей өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарды
Белгілі болғандай жас жігіт мас күйінде болған. Әйелімен болған жанжал оны шарасыз қадамға итермелеген
Куәгер 15 сәуірде күндіз Павлодардағы Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде ер адам 16 қабаттың биіктігінен секіріп өзін-өзіне қол жұмсағысы келетінін полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына дереу аттанды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Следующая →
- Оқиға орынан кеткен полицейлер 16-қабатқа көтерілген. Павлодар қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілі Асхат Маралбаев ер адамды сабырға шақырып, абайсыз әрекеттен айныту мақсатында әңгіме жүргізе бастады, - дейді тәртіп сақшылары.Тәртіп сақшылары ер адаммен бір сағаттан астам уақыт әңгмелескен. Нәтижесінде полиция қызметкері ер адамағ жақындап, оны қауіпсіз жерге лақтырып, ұстап ала алған.
- Аға лейтенант Асхат Маралбаев адам өмірін сақтай отырып, өзінің қызметтік борышын өтеді деп санайды. Ер адам медициналық қызметкерлерге тапсырылды, - деп хабарлайды ведостводағылар.