Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Рамазан айында ораза ұстау - исламның бес тірегінің бірі. Мұсылмандар күндіз тамақ ішуден, темекі шегуден және жыныстық жақындықтан аулақ болуы керек
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Следующая →
- Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады, - делінген президенттің өзінің сайтында жарияланған құттықтауында. - Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.Президент "биылғы Рамазан айы да қиын жағдайда өтеді" деп өкінеді.
- Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз.Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!