Түркістандық полицейлер 200 палуан қатысқан көкпарды тоқтатып тастады
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұлттық ойынды ұйымдастырған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартты
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде 200 адам қатысқан көкпар ойыны өтті, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары бұны заң бұзушылық деп тіркеді. Іс-шараға қатысқандардың барлығын үйлеріне қайтарды.
Дәл осындай тағы бір жағдай Отырар ауданында да болды. Онда 150-ден астам адам көкпар ойынына жиналған.
Көкпарды ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, сондай-ақ заңнаманың талаптарын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Тиісті шешім қабылдау үшін сараптама орталығына жіберілді.
Следующая →