Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

БҚО-да 10 шақырымдық жүк көліктерінің кептелісі орын алды

Жүргізушілер ауа райының нашарлауына және құтқарушылардың ескертуіне қарамастан трассаға шықты, қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент тас жолында 59 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды, тағы 175-і кептелісте қалып отыр, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
- Сағат 10.30-дағы жағдай бойынша ТЖД күшімен автожолдың тазартылған учаскесіне 5 үлкен жүк көлігі шығарылды және 54 бірлік техника Жымпиты кентіне жылыту пунктіне эвакуацияланды. Ақтөбе облысы бағытында тұрған ұзындығы 10 км 175 ауыр жүк көлігі кептелісте қалып отыр. Жеңіл автокөліктер жоқ, - делінген хабарламада.
Мекемеде нақтылағандай, қазіргі уақытта Ақтөбе облысына қарай бір жолақ ашылды, онда жиналған ауыр жүк көліктері кезек-кезек жөнелтіледі.

ТЖД мәліметінше, Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырымында жолдың әртүрлі учаскелерінде шамамен 300 жүк көлігі мен 50 автомобиль кептеліске ұшыраған.
Следующая →