Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанның екі тұрғынынан үш миллион теңгенің героині тәркіленді

Елорданың Полиция департаменті тәртіп сақшылары есірткіні жеткізу және сату арнасын жойды деп хабарлады

Нұр-Сұлтан қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Тәртіп сақшыларының  айтуынша, өзінің 39 жастағы әйел серіктесін қылмыстық әрекетке қатыстырған, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Қаскүнем бұрын бірнеше рет сотталғандығын атап өтті.

Тінту кезінде әйелдің іш киімінен есірткі табылды. Жалпы тәртіп сақшылары 300 грамнан астам героин тәркіледі. Сондай-ақ, полиция ізіне түсіп, есірткі саудасымен айналысқан екі сыбайласын ұстады. Олар шамамен 60 грамм есірткіні сақтаған. 

- Заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік героин алынды, оның бағасы қара базарда зиянды дәріні бөлшек сатудан үш миллион теңгені құраған болар еді, - деп хабарлады департамент.
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық топ жасаған есірткі заттарды аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін зиянкестерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Следующая →