Жақын күндері Қазақстанда салқын ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі 25-27 ақпан аралығындағы ауа-райы болжамын жариялады
Сарапшылардың пікірінше арктикалық антициклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірақ елдің батыс аймақтарында Атлантикалық циклонның әсерінен ауа температурасы күндіз нөлден жоғары көтеріледі деп күтілуде.
Следующая →
Бірақ елдің батыс аймақтарында Атлантикалық циклонның әсерінен ауа температурасы күндіз нөлден жоғары көтеріледі деп күтілуде.
-Елдің барлық жерлерінде қар жауу мүмкін. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты қар жауады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Батыста және Қазақстанның оңтүстігінде 27 ақпанда жаңбыр мен қар, көктайғақ түрінде жауын-шашын болады деп болжануда.Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі және қарлы боран күтілуде.