Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Елімізде аз қамтылған отбасыларға 145 мың медициналық қобдиша тегін таратылатын болады

Медициналық қобдишаны жеткізумен қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ ауылдық әкімдігі айналысатын болады

Қазақстанда COVID-19 таралу деңгейін төмендету мақсатында әлеуметтік көмекке зәру 145 мың отбасыға медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы тегін таратылады, дейді Қазақстанның еңбек министрлігінің және халықты әлеуметтік қорғаудың баспасөз бөлімінде.
- Медициналық жинақтарды сатып алуға арналған қаражатты Азия Даму Банкінің гранты бөледі. Алғашқы медициналық көмек құралдарын сатып алу БҰҰДБ арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда, - делінген сейсенбіде жарияланған Еңбек министрлігінің хабарламасында.
Қобдишадағы дәрі-дәрмектердің құрамын республиканың Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялаушы заттар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.
- Бұл шара қаржылық тұрғыда қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек алатын отбасыларға әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылдың маусым айына дейін аз қамтылған отбасыларға 145 мың дәрі-дәрмек қобдишасы жеткізіледі, - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған отбасыларға коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылы 10 шілде күні дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету туралы нұсқау жариялады.
Следующая →