Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза болды
Жол апаты орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды
Алматы облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 ақпанда "Алматы – Өскемен" автожолының 342 шақырымында болды.
Оқиға орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қаза болғандардың аты-жөні әзірге анықталып жатыр.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) тергеу басталды.
Алматы облысының полициясы марқұмдардың отбасына көңіл айтты.
Следующая →
Қайғылы оқиға 14 ақпанда "Алматы – Өскемен" автожолының 342 шақырымында болды.
- Алдын ала болжам бойынша, " Nissan Qashai" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан, - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қаза болғандардың аты-жөні әзірге анықталып жатыр.
- Жол апатынан жеті адам ("Nissan" жүргізушісі мен 4 жолаушы, сондай-ақ, "Volvo" жүргізушісі мен 1 жолаушы) қаза тапты. Оқиға орнына полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақсу аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанды, - деді полициядан.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) тергеу басталды.
Алматы облысының полициясы марқұмдардың отбасына көңіл айтты.