Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды ауыстыру мерзіі аяқталуына шақ қалды

Ұлттық Банк 2021 жылғы 1 ақпан – 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайтын және ауыстыратын соңғы күн екенін еске салады

Айырбастау тек қана жеке тұлғалар үшін Ұлттық Банктің филиалдарында ғана жүргізіледі. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары біздің сайтта көрсетілген.
- Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып, 2021 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз, - деді ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, жауапты 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығынан алуға болады.
Следующая →