Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Әділет министрлігіне 2020 жылы қанша партия өтініш білдірген?

2020 жылы Әділет министрлігіне тіркелу үшін 9 партия өтінім берді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты

- 2020 жылы 9 партия тіркеу үшін өтінім берді. Өздеріңіз де білетіндей, бұл процесс 2 кезеңнен тұрады. Алдымен партия құрғысы келетін адамдар тобы өтінім береді. Егер бұл өтінім талаптардың барлығына сай келсе 2 кезеңге жіберіледі және съезд өткізіп, қол жинайды. Өткен жылы 9 өтінім түсіп, олардың алтауының құжаттары заңнама талаптарына сай келмегендіктен кері қайтарылды. Олар барлық кемшіліктерін түзетіп, өтінімдерін қайтадан бере алады, - деді министр Zoom платформасында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, олардың барлығына кемшіліктерді түзету туралы хабарлама жіберілді.
 
- Талаптарға сай келген үш топқа да хабарлама бердік. Олар енді съезд өткізіп, келесі құжаттар топтамасын ұсынуы қажет. Адамдардың бір тобы съезд өткізіп, құжаттар топтасын берді. Қазір аталған құжаттарды тексеру жүріп жатыр, - деді Марат Бекетаев.

Оның айтуынша, тіркеуге құжат ұсынған партияларды өзге де мемлекеттік органдар тарапынан тексеру жүргізіледі. Ал аталған партияларды тіркеуге ұсынған тұлғаларды аты-жөндері құпия.

- Жария етуге құқымыз жоқ. Мұндай ақпаратты партиялардың өздері ғана бере алады, - деді министр.

Следующая →