Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

57 жастағы СҚО тұрғыны өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды

Солтүстік Қазақстан облысының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған 57 жасында жеке куәлік алды

СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1964 жылы туған өңір тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды.

Ол қазір Қызылжар ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Жаза басып, жаңылған ер адам сотталған.

Оған құжаттарды рәсімдеуге пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және Қызылжар ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі көмектесті.

Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде сотталған көптен күткен жеке куәлігін алды.

- Өмірімде қиын жағдайлар болды. Құжаттарымды түгендеуге жағдайым келмеді. Тіпті кеңестік паспортым да болған емес. Ал әскери билетімді жоғалтып алдым. Жеке куәлігім болмағасын жұмысқа да орналаса алмадым. Енді бұл менің екінші туған күнім. Өйткені енді жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Әлеуметтік және медициналық көмектерді аламын, - дейді есімін жасырған ер адам.

Сотталушының айтуынша, оның туған-туыстары Ресейге көшіп кеткен, бұл жақта жалғыз.

Пробация қызметінің қызметкерлері халықты жұмыспен қамту орталығы, жергілікті кәсіпорындармен жасалған үш жақты меморандум аясында оны ЖШС-нің біріне жұмысқа орналастырды.
Следующая →