Демалыс күндері Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады
"Қазгидромет" РММ мамандары 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды
Метеорологтардың болжауынша, демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендейді.
Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарына солтүстік антициклоны мен суық арктикалық ауа массасы әсер етеді. Бұл облыстарда ауа температурасы -35-тен -42 градусқа дейін төмендейді. Аяз қысып, бүкіл елдегі ауа райының суытуына соқтырады.
Следующая →

- Тек республиканың батысында 27 желтоқсаннан Атлантикалық циклон жылу және ылғалмен ауыса бастайды. Онымен бірге қар жауады, жел екпіні артып, күндіз ауа температурасы күндізгі уақытта 0-5 градус суып, кей жерлерде 0-5 градус жылынады, - деді "Қазгидромет" РММ мамандары.Сонымен қатар, мамандар елдің батыс және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтілетіндігін болжайды.