Павлодар облысында белгісіз сұйықтық құйылған 10 мың данадан астам бөтелке тәркіленді
Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мәлімдеді
Павлодар облысында ауыл тұрғыны ерекше иіске ие белгісіз сұйықтық құйылған он мыңнан астам бөтелкені заңсыз сақтаған, деп жазады Polisia.kz.
Следующая →
- Ертіс ауданының полиция қызметкерлері тінту жүргізу кезінде жергілікті жеке кәсіпкерден ерекше иісі бар, сыйымдылығы 0,5 литр мөлдір сұйықтық құйылған алты мыңнан астам бөтелке, сондай-ақ ерекше иісі бар, сыйымдылығы 5 литр мөлдір сұйықтығы бар екі жүз елу сегіз пластикалық ыдыс тәркіледі. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабымен (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.Сондай-ақ полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан сыйымдылығы 0,5 литр болатын 4 288 бөтелке түрлі маркалы арақ және "Fast" маркалы акцизделмейтін 6 500 қорап темекі тәркіленді. Жалпы алғанда жеке кәсіпкерден 6 400 литрден астам сұйықтық тәркіленді. Бөтелкелерге не құйылғанын сараптама көрсетеді.