Алматы тас жолында жалғыз жүрген балақай елді шошытты
Жеке тасымалмен айналысатын жүргізуші елсіз, иенсіз жерде, тас жол бойында жалғыз жүрген баланы көріп немқұрайлық таныта алмай тоқтайды
Ұялы телефонының камерасын қосып, баланы қасына шақырып жөн сұрады:
- Мұнда не істеп жүрсің? Әкең қайда?
- Ана жақта?
- Ана жақта? Ешкім жоқ бұл маңайда. Қазір қараңғы түседі, кеш батады. Қасқырлар жеп кетсе қайтесің? Мен сені өзіммен ала кетейін, иә. Қанекей, түріңді көрсете қой. Әке-шешең көрсе танысын, - дейді камера артындағы дауыс.
Кейін баланы Алматы облысының тұрғыны Бауыржан Қожаев тауып алғаны мәлім болды. Жүргізушінің айтуынша, Ақши ауылынан Ұзынағаш стансасына кетіп бара жатқанда, түске таяу уақытта, суық күнде, жалғыз өзі тас жолдың бойында жүрген кішкентай баланы көрген. Көлігіне отырғызып, жылытып, әке-шешесін іздестірген.
Бала табылған жерден 2 шақырым жерде елді мекен бары белгілі болды. Жоғалған баланың анасы да сол ауылдан табылды. Жүргізушіні өзін баланың шешесімін деп таныстырған әйел қарсы алды. Бауыржан болған жайдың барлығын құық қорғау органы қызметкерлеріне баяндап берген.
Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз бөлімі орын алған жағдай егжей-тегждейлі занықталып, балның ата-анасының әрекеттеріне заң тұрғысынан баға берілетінін мәлімдеді.
Следующая →