Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Елордада сноубордшыларға арналған алғашқы жасанды төбешік пайда болды

Құрылыстың жалпы ауданы 720 м2-ден асады, слайдтың ұзындығы - 40 м, ені - 18 м

Қазақстанда сноубордшыларға арналған төбешік пайда болды. Жақында елордада Nur-Sultan Snowpark - snowboard және freeski (жаңа мектептің тау шаңғысы) қысқы экстремал спорт түрлеріне арналған спорттық-жаттығу алаңы ашылды. Бұл алаң джиббингпен айналысуға да қолайлы. Аталмыш іс-шара барлық санитарлық нормаларға сай, ашық ауада жаттығу форматында өтті. Құрылыстың жалпы ауданы 720 м2-ден асады, слайдтың ұзындығы - 40 м, ені - 18 м.

- Жалпы, бұл алаң сноубордшыларды қолдау үшін жасалған. Бізге жеке-жеке көптеген өтініш келіп түсті, сырғанауға қажет алаң керек болды. Себебі жазда бұл жігіттер скейтбордқа барады, ал қыста жаттығатын орын жоқ. Біз бастаманы қолдап, осындай төбешік салдық. Сондай-ақ, мұнда балаларды сноубордпен сырғанауға үйрететін мектеп те болады. жалпы, бұл біздің қаламызға жетіспейтін белсенді қысқы спорт түрі, - деді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Айта кетейік, шаңғы мен сноубордпен сырғанауға арналған жасанды төбешік Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылды.

Жоба Байқоңыр ауданы әкімдігінің және Қазақстан скейтбординг Федерациясының қолдауымен жүзеге асты.

Жаңадан бастағандар үшін сноуборд алаңында қажетті жабдықты жалға беру жоспарланған, нұсқаушылар да сабақ беретін болады. Кешке шамдар алаңға жарық беріп тұрады. Осылайша, экстремал спорт әуесқойлары үшін "күндіз" ғана емес, "түнде" де сырғанауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Nur-Sultan Snowpark Ататүрік саябағындағы жағалауда (Тәшенов көшесі 8 үйдің жанында) орналасқан.


Следующая →