Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ескі көліктерді утилизацияға қабылдау тоқтатылады

Істен шыққан 40 мың техниканы жоюға қабылдау бойынша жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалғаны хабарланып отыр

24 желтоқсаннан бастап ескі көліктерді қабылдау бекеттері тозығы жеткен жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды тоқтатады, деп хабарлайды ktk.kz сайты.

 Бұл туралы өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының сайтында жарияланды. Ресми мәліметке сәйкес, істен шыққан 40 мың техниканы жоюға қабылдау бойынша жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Осыған байланысты ескі көліктерді қабылдауды тоқтатуға шешім қабылданып отыр.  

- 2020 жылдың 23 желтоқсанда Қазақстанның 17 өңіріндегі ескі көліктерді қабылдау бекеттері тозығы жеткен жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды аяқтайды. Автокөлік иелерінің өтініштері электрондық кезекке сәйкес сағат 17.00-ге дейін өңделетін болады, - делінген ресми хабарламада.  

Ал 24-31 желтоқсан аралығында қабылдау бекеттерінде жиналған техниканы сығымдау және Қарағанды облысындағы кәдеге жарату зауытына тасымалдауға дайындау шараларын атқарылады. Бұдан бөлек, ӨКМ операторы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға квота толық игерілгенін хабарлады. 5 қараша мен 15 желтоқсан аралығында кәдеге жаратуға 100 трактор мен 20 комбайн қабылданды. 

- Ескі техниканы тапсыруды ынталандыру бағдарламасы келесі жылы жалғасатын болады, - дейді компания мамандары. 

Олар тозығы жеткен көлікті қабылдау бағдарламаларын 2021 жылы жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат ресми сайтта жарияланады деп отыр.

Следующая →