Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Пойызда шыққан өрттен бес адам зардап шекті

Қазір вагон ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қоршалған. Өрттің шығу себебі мен жағдайды анықтау мақсатында Маңғыстау облыстық ТЖД зертханасы жіберілді

2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 айрығы ауданында №109  "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Ақпарат түскеннен кейін ТЖ орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, "ҚазмұнайТеңіз" МӨҚҚ, "ҚТЖ" ҰҚ АҚ 30 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. 

Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған. Сағат 07:19-да өрт сөндірілді. Жүк вагоны толығымен жанып кетті. Қазіргі уақытта Ішкі істер органдарының күштерімен өртенген вагон қоршалды. Сондай-ақ, өрттің себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің зерттеу өрт сөндіру зертханасы жіберілді. Сағат 09:18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Следующая →