Өскемен
Бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    +3°
$
499.83
+1.74
581.5
+4.16
¥
72.47
+0.28
6.42
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда қыстың алғашқы күні жауын-шашын, қармен басталды

"Қазгидромет" РММ синоптиктерінің болжауынша, 1 желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Сейсенбіде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 желтоқсанда фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстікте, оңтүстік-батыста кей жерлерде жаңбыр немесе қар жауады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта – аздап қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірде көктайғақ болуы ықтимал. 

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал, Ақмола облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын соғады.

Следующая →