1 желтоқсан - ҚР-да Тұңғыш Президент күні
2012 жылдан бері бұл күн қазақстандықтар үшін мереке әрі демалыс күні
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында президенттік сайлау бір күнде, бір ғана сәтте бола салған жоқ. Алдымен 1991 жылғы 16 қазанда Жоғарғы Кеңес "Қазақ ССР Президентін сайлау туралы" заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретінде белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды.
1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. Сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы дауыс берді. 5-ші желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Олардың ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% дауыс беруге қатысқан. Сайлау нәтижесі бойынша Н. Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-і дауыс берген, бұл дауыс беруге қатысушылардың 98,78% пайызын құрады. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді. Тұңғыш Президенттің қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күн өткенде Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады.
2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын. Осы заңда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Яғни, бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 8-ші рет аталып өтеді.
Следующая →