Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

БҚО-да браконьерлер ұсталып, олардан 700 киік мүйізі тәркіленді

Ақбөкендердің жойылуы нәтижесінде 700 миллион теңгеден астам шығын келтірілген

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулаумен айналысқан екі қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

- ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесіп, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ағымдағы жылдың мамыр айына дейін облыс аумағында киіктерді заңсыз аулаумен және оның дериваттарын (мүйіздерін) өткізумен айналысқан екі қылмыстық топтың қызметін ашты. Қылмыстық жауапкершілікке 11 адам тартылуда, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында 700-ден астам киік мүйізі, 9 бірлік атыс қаруы, жеті жоғары өтімді автокөлік, екі қарда жүргіш және екі мотоцикл және ұйымдасқан қылмыстық топ пайдаланатын түнгі көру құралдары тәркіленді.

Ақбөкендердің жойылуы нәтижесінде 700 млн теңгеден астам шығын келтірілген, делінген ақпаратта.

Осы фактілер бойынша 337-бап (Заңсыз аң аулау), 339-бап 2-тармақ 2-бөлімі бойынша (сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) және 262-бап бойынша (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Следующая →