Қазақстанның ауылдарында ғаламторы бар арнайы дүңгіршектер пайда болады
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында мәлімдеді
Министрдің айтуынша, ғаламтормен қамтуды кеңейту жобасы аясында еліміздің 1200 ауылында интернетке шығатын арнайы стендтер орнату жоспарлануда. Олардың тұрғындары аудандық әкімдіктерге, ХҚКО-ларға, ауруханаларға бейне қоңырау арқылы хабарласуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұған дейін қазақстандық ұялы байланыс операторлары ауылдарда жылдамдықты ғаламтор өткізу үшін жеңілдіктер алатыны белгілі болды. Енді ұялы байланыс операторлары радиожиілікті 90% жеңілдікпен пайдалана алады.
Следующая →