Польшада кәмелетке толмаған қазақстандықты атып кетті
16 жастағы Қазақстан азаматы 2 қарашада Польшаның Ополе-Любелск қаласында оқ жарақаты салдарынан көз жұмды
Қазіргі уақытта елшілік жасөспірімнің туыстарымен байланыс орнатуда, оның денесін отанына жіберу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Nur.kz сайты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 2 қарашада Польшаның Ополе-Любелск қаласында белгісіз біреу Қазақстанның 16 жастағы азаматын атып өлтіргенін хабарлады. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Поляк БАҚ-тары қазақстандық Ключковицтегі мектеп-интернаттың студенті болғанын жазады. Ол Польшада халықаралық жастар алмасу аясында оқыды. Сол қайғылы күні жасөспірім достарымен бірге алма алу үшін баққа барды, онда атыс естілді. ҚР азаматын өлтірген күдікті әлі табылған жоқ.