Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандағы кинотеатрлар ашыла байстайды

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысында өңірлік бас санитар-дәрігердің қаулысына сәйкес карантиндік шаралар жеңілдей түседі

Маңғыстауда кинотеатрлар мен спорт залдары жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Маңғыстау облысында 23 қазан 00:00 сағаттан бастап карантин талаптары жеңілдейді. 

Облыстың бас санитар дәрігерінің 21 қазандағы жаңа қаулысына сәйкес, енді Маңғыстаудағы сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары және жабық базарлар сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі күні аталған кәсіпкерлік нысандар жұмыс істемейді. 

Спорт залдары қашықтықты сақтап, бетперде режимін ұстанып толымдылығы 30% - дан аспайтын адаммен өз қызметін жандандыруға рұқсат берілді. 

Сондай-ақ, аталған қауіпсіздік шараларын сақтап 26 қазаннан бастап кинотеатрлар өз жұмысын бастайды. Жұмыс күндері сағат 22:00 - ге дейін, сенбі күні 17:00 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал жексенбі күні жұмысын тоқтатады. 

Маңғыстауда әлі де балабақшалар (кезекші топтардан бөлек), бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен банкет залдары және түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Следующая →