/ Әлем және Қазақстан

Атырау облысында карантин 12 қазанға дейін ұзартылды

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды
28 қыркүйек 2020 года, 15:21 10197 Айсулу Мухамедкалиева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Еще в одной области Казахстана продлили карантин
Ақпарат көзі: © NUR.KZ Фото: © Архив редакции
Құжат мәтінінде шектеудің Атырау облысында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында жасалып жатқандығы көрсетілген. Аймақта шектеу шаралары 28 қыркүйектен 2020 жылғы 12 қазанға ұзартылды. Осы уақыт ішінде ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық бөлмелердегі балалар ойын алаңдары және т.б.), кинотеатрлардың (ашық аспан астында жұмыс жасайтындарды қоспағанда) қызметіне тыйым салынды.

Ұйым кеңселерінде қызметкерлер 50% -дан аспауы керек.

Алайда қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 08: 00-ден 00: 00-ге дейін жұмыс істеуге, оның ішінде сауда үйіндегі бөлек үй-жайларда орналасқан мекемелерге рұқсат етілді.

Сонымен бірге, ашық жерлерде 50-ден көп қонақ болмауы керек, бір отбасы мүшелерінен өзгелері кем дегенде 2 метр арақашықтықты сақтау керек. Бір орынға 4 адамнан көп отыра алмайды.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз