Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айсулу Мухамедкалиева
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақмола облысының бір ауылында құс тұмауына байланысты карантин жарияланды

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылында да жоғарыпатогенді құс тұмауы тіркелді, әкім шешім қабылдады

Ақмола облысының Шойындыкөл ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі. Ауыл әкімінің тиісті шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

- Жарқайың ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі ұсынысы негізінде, Шойындыкөл ауылының әкімі шешім қабылдады: жоғарыпатогенді құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы аумағында карантин белгіленсін, - делінген құжатта.

Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құс тұмауы алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген еді. Осыған байланысты өңірдегі жеті ауданда он ауыл карантинге жабылды. Елдің солтүстігінде тек үй құстары ғана емес, жабайы құстар да өлген болатын.

Следующая →