Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа қаулыға сәйкес, карантиндік шектеулер жұмсартылды

Жаңа Қаулы бойынша Қазақстандағы карантиндік режімге қандай өзгерістер енгізілді?

16 қыркүйекте Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұрынғы қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын No52 қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Енгізілген өзгерістерге шолып өтсек, енді ашық аспан астындағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Сондай-ақ балалар бөлмелері/корреция орталықтарындағы, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарындағы топтағы адамдар саны 5-тен 15-ке дейін өсірілді.

Кеңселерде жұмыс істей алатын қызметкерлер саны 20% -дан 50% -ға дейін өсірілді. Бұл арада мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялардың, басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілердің қызметінің жайы сөз етіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастырады (егер ұжым штаты 30-дан асса).

Қоғамдық тамақтану орындарындағы орындардың саны 30-дан 50 орынға дейін өсті.

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынған нысандар саны азайды. Енді тек сауда үйлері, ойын-сауық орталықтарынана басқасы (ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда), азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік бойынша жабық нысандар да жұмыс істей алады.

Жұмысына рұқсат: сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызметтер; фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, спорт залдары, спорт кешендері; сауналар; ашық аттракциондар; діни нысандар.

Ашық аспан астындағы кинотеатрлардың қызметіне маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

Театрлардың қызметіне рұқсат етіледі (залға толу деңгейі 50% -дан аспауы тиіс, онда да 50 адамнан аспауы керек, infokazakhstan.kz порталында тіркелуі, маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау талабы міндетті.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында (бөлек үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 50 орыннан аспаған жағдайда және ұжымдық іс-шаралар өткізуден аулақ болғанда рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, қазір тұтқындармен туыстарының кездесуіне рұқсат етілген, бірақ белгілі бір талаптар бар.
Следующая →