Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне екі жылда 5 млн түп сексеуіл егілген
Даланың шөлге айналу қаупінің алдын алу үшін кейінгі екі жылдың ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне 5 млн түп сексеуіл егілген
Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Следующая →
- 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Корея Республикасының Корей орман қызметі және биоәртүрлілікті сақтау қорымен бірлесе отырып, Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі 13,300 га аумаққа 5 млн түп сексеуіл көшетін отырғызды. Бұл жұмыс "Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғап қалған түбін фито-орманды қалпына келтіру" жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған Кореяның орман қызметі 1,7 миллион доллар инвестициялады, - деп жазады Сәкен Ділдахмет.