Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

Қазақстанда көктемгі аңшылыққа рұқсат етілді

Қазақстанда 2021 жылдан бастап көктемгі аңшылыққа рұқсат етілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тиісті жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылы елде енгізілген көктемгі аң аулауға тыйым салу туралы ереже күшін жойды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. Оның айтуынша, бұл құжатты экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бекітті.

Көктемде аң аулауға қарсы шыққан, қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скляренко ұйымның аңшылар үшін шектеулер енгізуге тырысатынын хабарлады.

Бұған дейін Сергей Скляренко осы уақытта құстар ұя сала бастайынын айтып, аңшылық олардың көбеюіне кедергі келтіріп, басқа да жануарлардың популяциясын төмендететінін түсіндірген болатын. Ол сондай-ақ, шетел тәжірибесін мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, Еуроодақтың 28 елінде көктемгі аң аулауға тыйым салынған. АҚШ пен Канадада жүзден астам жыл бойы көктемде ешкім аңға шықпайды.

Еске салайық, Қазақстанда 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап көктемде аң аулауға тыйым салынған болатын. Сол кезде үйрек саны 2015 жылы 2014 жылға қарағанда екі миллионға азайғаны хабарланған.
Следующая →