Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
КТК

Коронавирусқа байланысты Алматыдағы экологиялық жағдай жақсара түскен

Сарапшылар елде карантин жарияланғалы оңтүстік астанадағы ауа райы шамамен 30 пайызға тазара түскен

Алматыда көмірқышқыл газын ауаға шығару көлемі азайған, деп жазады КТК телеарнасы. Жақында ғана оның көрсеткіші төрт есеге артқан.

"Табиғат" экоодағының төраға орынбасары Тимур Елеусізовтің айтуынша, карантин кезінде флора жағдайы айтарлықтай жақсарған. Оған екі түрлі себеп бар – жауын-шашынның мол болуы және ауаға зиянды заттарды аз шығарылуы.

- Қалада көліктер ағыны көп болғанда жапырақтарды түртіп қалсаң шаң-тозаң бұрқырап қалатын, - дейді Тимур Елеусізов.

Тағы бір қоғам белсіндісі Жанна Нұрсейітова ауа тазара түскендіктен аспан да ашық, таулар да айқын көрінетін болды дегенді айтады.

- Мен осыдан жеті жыл бұрын соңғы рет тауларды көргем. Биыл түнгі аспандағы жұлдыздар да айқын байқалатынын көруге болады. Таулар... Шынымен де ауа тазарды. Карантин экономикаға зиян тигізгенімен, экологияға жақсы әсер етті, - деді Жанна Нұрсейітова.
Следующая →