Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің елде өзінің шарықтау шегіне жеткен жоғын айтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Следующая →
- Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.