Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда тағы бір қала карантинге жабылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында 3 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырып алғаны анықталды

Оның бірі Петропавл қаласының, екеуі Тайынша ауданының тұрғындары. Осы жағдайға байланысты Тайынша аудандық ауруханасы уақытша жұмысын тоқтатты.

Тайынша ауданында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің бірі Келлеровка ауылының, екіншісі Тайынша қаласының тұрғыны. Қазір екі елдімекен де толықтай карантинге жабылған.

- Аудандық аурухананың жұмысы тоқтатылды. Онда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шара 2-3 күнге жалғасады. Қазіргі уақытта халыққа медициналық қызмет көрсету мәселелері қарастырылуда. Ауруханада жатқан науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық. Тиісті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.

Сырқаттардың екеуі де зертхана қызметкерлері. Жұмыс бабында бір-бірімен байланыста болған. Ал, үшінші адам Петропавл қаласындағы карантиндік пункт қызметкері. Ол ауруды стационарда жатқандардан жұқтырған.

Коронавирс инфекциясының таралуына байланысты Петропавл қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де жабылды. Мекеме қызметкерлерінің бірі инфекция жұқтырғаны анықталды. Онымен байланыста болған ұжым мүшелерінің барлығы, яғни 53 адам карантинге жатқызылды.

2 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға жетті.

Орталық коминикациялар орталығының облыстық филиалында өткен онлайн брифингте Петропавл қаласын карантинге жабу мәселелері қарастырылып жатқаны айтылды.

Следующая →