Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК 12-14 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады
Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, алдағы үш тәулік бойы Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн жылы әрі ашық болады.
- Күндіз ауа температурасы 0…+8°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С болады деп болжанып отыр. Бұл климаттық нормадан 4…10°С жоғары, - делінген хабарламада.
Ал елдің батыс және солтүстіктегі шеткері өңірлерде Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.