Bek Air басшысы апатқа ұшыраған ұшақ пилотын қорғады
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тапқан. Оқыс оқиға 27 желтоқсан күні орын алған
Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзінше, егер өз елдерінде әуе компаниясының қызметіне тыйым салынса, басқа елге кетуге мәжбүр. Қырғызстанға кетулері ғажап емес, деп жазады NUR.KZ сайты.
Егер әуе апатына компания кінәлі деп тапқан жағдайда кім жазаланады деген сұраққа Bek Air басшысы жауап берді.
- Менің айтарым, пилот өз міндетін орындай білді. Егер компания айыпты деп танылса, мен өз жігіттерімді қорғаймын. Өзім олар үшін жаза өтейтін боламын. Менің қоластымдағыдардың ешқайсы да түрмеге отырмайды. Қаза тапқан пилоттың атына кір келтірмейміз. Өйткені оның басқарып отырғанын мен көрдім, - деді ол.