Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақмола облысында оқыс апат орын алды

Көкшетау-Атбасар тас жолындағы жол апатынан екі әйел қаза тауып, сегіз адам жарақаттанды

Көкшетау-Атбасар тас жолында екі әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайдың айтуынша, жол-көлік оқиғасы Көкшетау-Атбасар автожолының 114-ші шақырымында болған.

Полицейлердің айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, Hyundai Accent автокөлігін басқарған 1986 жылғы әйел Атбасар қаласына қарай келе жатып, көлігін басқара алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол жерде 1983 жылғы ер адам басқарған Toyota Camry 55 маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Қатты соққыдан Hyundai Accent жүргізушісі мен ондағы 1987 жылы туған жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды.

- Апат кезінде Hyundai Accent көлігінде қайтыс болған екі адамнан бөлек тағы бір әйел мен үш бала (12 жастағы және екі екі жасар бала) болған. 36 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жарақат алды, 1990 жылғы әйел мен екі бала түрлі жарақат алып, Сандықтау ауданының ауруханасына жеткізілді, - деді Маржан Ордабай.

Ол сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарда 690 арнайы техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады.



Следующая →