Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа жылдан бастап мас күйінде көлік тізгіндегендерге жаза күшейтіледі

Енді мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік жүргізушілер түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев бұған дейін түзетулерге қол қойған. Сол себепті 2020 жылдан бастап жүргізушілерге абай болу керек деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеген.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша еліміздің заңы арқылы мас күйінде жол-көлік ережесін бұзғандарға жеке бап енгізілді.
- Қазан айында Алматыда өткен жиналыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік айдағандардың жазасын күшейтуді тапсырды. Оларды түрмеге отырғызып, айыппұлын өсіріп, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды. Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталады. Салдарынан болатын жол-көлік апатынан биыл мыңнан астам адам жарақат алды, біразы қаза тапты. Сондықтан, Қылмыстық кодекске жаңа бап (ҚК 345-1-бабы) енгізіп отырмыз, - деді ол.
Бас прокурордың орынбасары бүгінге дейін алкогольді ішімдікке мас жүргізуші мен сау жүргізушілерге ортақ бір норма қолданылып келгенін айтты.
- Ішімдікке мас жүргізуші кесірінен адам өлімі орын алса, ауыр қылмыс саналады және тараптардың ымыраға келуіне тыйым салынады. Айыпты адам 10 жылға дейін абақтыға қамалып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, - деді Ахметжанов.
Следующая →