Павлодарда алаяқ сатып алушылар жүр
Облыстың тәртіп сақшылары қала тұрғындарына сақ болып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауларын ескертеді
Бірінші жағдай 29 қараша күні сауда үйінде орын алған, деп жазады "Қазақпарат" ХАА сайты.
- 500 теңгеге азық-түлік сатып алған әйел сатушыға 10000 теңгелік ақша көрсеткен. Сатушы саудамен әлек болып жатқанда оған түрлі сұрақтар қойып, есін шығарған. Кейін 10000 теңгелік купюраны қайта қалтасына салып алған. Бірақ сатушы ақшаны алдым екен деп, 9500 теңге қайтарым ақша берген. Осылайша айлакер әйел сауда үйінен дереу тайып тұрған, - деп түсіндірді алаяқтардың айласын облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Одан өзге, дүкен директорылары да осы сынды жағдаймен полицияға жүгінген бірнеше факті болған. Сатып алушылар жалған ақша беріп кеткен.