Ресейлік режиссердің фильміне қатысу үшін 20 млн берген
Нұр-Сұлтандағы қайырымдылық балда Данила Козловскидің фильміне қатысу үшін джекпот ойнатылған
Лотты сатып алған қазақстандық белгісіз болып қалуды жөн санаған. Ол енді қандай рөл сомдайтыны белгісіз, деп жазды Sputnik Қазақстан.
Кинодағы рөлден өзге, Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміндегі алқа аукционға қойылды. Оның бағасы 125 млн. Бұл кештегі ең қымбат лот осы.
Бұл кеште UFC спортшысы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың қолғабына ие болғандар да бар. Ол үшін 20 млн теңге тігілді.
Аукционда Арнольд Шварценеггер қолтаңбасын қалдырған бас киім мен футболка, Алиша Кистың қолтаңбасы бар ноталар дәптері де иесін тапты.