Қазақстан бойынша мейрам күндері көбірек пойыз қатынайды
"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы мерекелерге орай 28 қарашадан бастап төрт бағыт бойынша қосымша пойыз шығарады
Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер қарастырылған.
- Алматы-2 бекетінен 2019 жылдың 28 қараша, 5, 17, 24 желтоқсанында "Алматы-2-Шымкент" - 12 рейске, "Алматы-2-Түркістан" - 4 рейске, Түркістаннан - 29 қараша, 6, 18, 25 желтоқсан, "Маңғыстау-Бейнеу" Маңғыстаудан 28 қараша мен 6 қаңтар аралығында күн аралатып (жұп күндері), Бейнеуден 29 қарашадан 7 қаңтар аралығында тақ күндері және "Нұр-Сұлтан – Шу" – 2 рейске Нұр-Сұлтан мен Шудан 31 желтоқсан, 2 қаңтарда, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 8 желтоқсанынан күн сайын "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Шымкент" №712/711 жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Биыл Тұңғыш Президент күні мен Жаңа жылды елімізде 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін және 1-4 қаңтар аралығында тойлайтын болады. Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні 14-17 желтоқсан күндері атап өтіледі.