Жезқазғандағы мектептердің бірінде сабақ үстінде өрт шыққан
Тілсіз жаудың жалыны еңбек кабинетінде тұтанып бастағандығы белгілі болған
Қайта өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, бірнеше минут ішінде өртті сөндірді.
№3 мектепте болған оқиға барысында 600-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан сайты.
- 101 нөміріне дабыл қоңырауы сағат 11.39-да келіп түскен. Өрт сөндіруші мамандар еңбек кабинетіне келіп жеткенде жұмыс бөлмесінде токарьлардың, жиһаздардың, ағаш еденнің және терезе блоктарының жанғыш бөліктері өртеніп жатқан. Мамандардың дереу қимылдағандарының арқасында жалынды 12.10 минут кеткенде толығымен сөндірген, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы түрткі болуы мүмкін.