Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

"Протон-М" зымыраны Байқоңырға жеткізілді

Жоспарға сәйкес, "Спектр-Рентген-Гамма" ғарыш обсерваториясы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың екінші тоқсанында ұшырылады

Роскосмос баспасөз қызметі "Спектр-РГ" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" тасымалдаушы зымыраны Байқоңырға жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Протон-М" тасымалдаушы зымыранының М.В. Хруничев атындағы ғарыш орталығында жасалған блоктары, бас бөлігі, сондай-ақ С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыш-зымыран корпорациясында шығарылған ДМ-03 үдемелі блоктары тиелген вагондар Төретам стансасына келіп тоқтады. Пойыз одан әрі Байқоңыр ғарыш айлағының 92-алаңына жіберілді. Зымыран сонда құрастырылады.


"Спектр-РГ" ғарыш обсерваториясы - Ресей және Германияның халықаралық жобасы. Ол орбитада толқын ұзындықтарының рентген диапазонында Ғаламды зерттеуге арналған астрофизикалық обсерватория салу үшін ұшырылмақ.


"Спектр-РГ" ғарыш аппаратының басты мақсаты - электромагниттік сәулеленудің рентген диапазонында Ғаламды зерттеу және Ғаламның адамзат бақылайтын бөлігінің "картасын" жасау.


"Протон-М" - Ресейдің 2019 жылы Байқоңырдан ұшыратын алғашқы ауыр зымыраны болмақ. 2018 жылы Қазақстан ғарыш айлағынан екі "Протон" зымыраны ұшырылған болатын. Оның екеуі де "Благовест" сериясының әскери спутниктерін орбитаға сәтті шығарған.


Следующая →