Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанға Бразилиядан есірткі партиясын өткізбек болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы және Шымкент қалалары бойынша департаменттерінің қызметкерлері БАӘ арқылы транзитпен Бразилиядан Қазақстанға және одан ары қарай Түркияға жөнелтілмек болған кокаин тасымалының жолын кесті

Контрабандашылар ұзақ уақытқа бас бостандықтарынан айырылды, деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз комитеті.

Баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, ағымдағы жылдың наурыз айында Алматы әуежайында шұғыл іздестіру шаралары барысында кокаин тасымалы бойынша күдікке ілінген Дубай әуе рейсінің жолаушысы тұтқындалған болатын. Ол - Қазақстанның азаматы.

Қалалық ауруханаға әкеліп тексерген кезде оның асқазан-ішек жолдарынан 42 капсула кокаин анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 460 грамм. Ары қарай жүргізілген тергеу кезінде контарабанданы ұйымдастырып, Бразилиядан Қазақстанға, одан ары Түркияға жібермек болған тағы бір азаматша да қолға түсті. Ол әуежайда тұтқындалған азаматтың туысы болып шықты.

Ал маусым айында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша екеуі де ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысы қауіпсіздігі жоғары колнияда 15,5 жыл жазаларын өтейтін болады.

Следующая →