Көлсайға көшкін қосылуы мүмкін
Мамандар көшкін жүрмес үшін қолдан келгенін жасап жатыр
Көлсай маңында жүрген көшкін енді көлдің өзіне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Sputnik Казахстан сайты.
Көшкін Көлсайға баратын жолды жауып тастады әрі электр желісін үзіп әкетті. Тасқын әлі қайтқан жоқ. Мамандар маңайды күндіз-түні күзетіп жүр.
- 21 сәуір күні жүрген көшкіннің көлемі – 50 млн текше метр. Қазір Көлсайға қауіп төніп тұр. Өзен арнасын жапқанымен, тағы бір көл пайда болуы мүмкін, - дейді Төтенше жағдай жөніндегі комитет басшысы Т.Баймолдаев.