Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылдарға шекара қойылып, картасы жасалады

Ал ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша, ауыл-аймақтағы жерлердің қай ауыл мен ауданға тиесілі екендігі анықталуы тиіс болатын

Елдің ауыл шаруашылық министрлігі облыс әкімдігіне бұл жұмыстардың орындалмағанын айтып, ескерту жасаған. 

Үкімет елді мекендерге тиесілі жерді белгілеу туралы жоспарды былтыр наурызда қабылдаған. Соған орай облыстық жер қатынастары басқармасы 2020 жылға дейінгі үш жылдық жол картасын жасап, 700-ден аса ауылдың жер аумағын белгілеуді жоспарлаған. Алайда бұл жұмыстар жасалмаған әрі биылғы жұмыстардың қатарына да енбей қалған. Оған себеп - қаржының болмауы. 
- Облыста барлығы 766 елді мекен бар. Оның 29-ның жер шекарасы анық. Ал қалған 737 елді мекеннің жер телімі белгіленбеген. Оның шекарасын анықтау үшін 1,7 млрд теңгедей қаржы керек. Облыстық бюджеттен қаражат бөлінбей, былтыр бұл жұмыс жасалмай қалды, - дейді басқарма басшысының орынбасары Оксана Фирсова.
Ал үкімет ауыл аумағына кіретін жердің нақты шекарасын жасау арқылы қазынаға түсетін салықты жүйелеу мен жер саудасын жөндеуді көздеп отыр. Сол себепті үкімет қойып отырған талапты бәрібір де орындау керек. Ол үшін былтыр қабылданған жоспарды қалай да орындап, үш жылдың ішінде барлық ауылдың жер шекарасын нақты анықтау қажет. Ал оған қажетті қаражат облыс қазынасынан қалайда бөлінетін болады. 
Следующая →
Тақырыптар: ҚР Ауылдар Шекара