Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +5°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +6°
$
449.3
+0.39
491.26
+0.11
¥
62.61
+0.13
4.93
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауруханалар анықтаманы электронды түрде береді

Жылдың соңына дейін елдің ауруханалары ортақ ақпараттық жүйеге қосылады. Бұл дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқармақ

Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңов Парламент мәжілісінде болған үкімет сағатында айтқан болатын. 

- Қаңтар айынан бастап жаңа медициналық ақпараттық жүйе елдің үш өңірінде - Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облысындағы ауруханаларға енгізіле бастамақ. Қағаз есеп-қисаптан да біртіндеп кезең-кезеңімен бас тартамыз. Ақпан айынан бастап көрсетілген медициналық қызмет жайында СМС-хабарламалар жіберіле бастайды. Мұнда азаматтар көрсетілген медициналық қызмет пен тегін берілген дәрі-дәрмектің сапасына баға бере алады, - деген болатын министр.

Ал наурыз айынан бастап ауруханалар азаматтарға оның жұмысқа уақытша жарамсыз екендігін дәлелдейтін парақ пен туберкулез диспансерінде, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрған не тұрмағандығын анықтайтын анықтаманы  "электронды үкімет" порталы арқылы бере бастайды. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметов те биыл денсаулық саласын цифрландыруға көңіл бөлінетіндігін айтқан болатын. 

- "Цифрлық Шығыс" бағдарламасы аясында медициналық мекемелерді ақпараттық жүйеге енгізу жұмысы қолға алынбақ. Мәселен, облыстық диагностикалық орталыққа барған адам мекеменің астында тұрған терминалдар арқылы дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазыла алады. Облыстың көптеген ауруханаларында электронды түрде кезек алуға болады, - дейді аймақ басшысы.

 Бұдан өзге, облыс әкімі аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында, оның ұйымдастырушылық қабілетін арттыру үшін шетелден жетік мамандарды шақырып, дәрігерлер мен медбике, санитар қызметкерлерге бес жыл бойы оқыту жүргізілетіндігін де айтып өткен.

- Медицина саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің санасын, ойлау қабілетін өзгертуіміз қажет, - дейді Даниал Ахметов бұған қатысты.

Следующая →