Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Балтық елдерінің әдебиеті Шығыс өңірінде

Халықаралық Абай клубы мен Роллан Сейсенбаевтың Баспа үйі «Жарылқа мені, түн» атты Балқан елдерінің поэзиясы мен прозасынан тұратын жинақ шығарды

Жинақты «Казцинк» ЖШС Билік Төрағасы Никола Попович пен дарынды қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев ұсынды.
Жаңа жинақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ілтипат білдіре айтып жүрген «менің 100 кітабым» сериясымен шықты. Жинақ Елбасының сөздерімен ашылып оқырманды жетелеп отырады. Сербия, Черногория, Босния және Хорватия жазушылары мен ақындарының шығармаларына кіріспе сөзді қымбатты қонағымыз Никола Попович жазды. Айта кету керек, Никола Поповичтің ата-анасы бұрынғы Югославия елінің азаматтары және ол елдің құндылықтары оған да қымбат келеді.
- Елімнің әдебиетін жан-жақты танытып жүрген адаммен таныс болу мен үшін үлкен қуаныш. Себебі ол кездері Сербия, Югославия елдері мен Қазақстанның арасында әдеби байланыс мүлдем болмаған да еді. Ал Роллан Шәкенұлы дипломатиялық байланыс орнамай тұрып ақ өзге көптеген елдермен әдеби көпірдің негізін сала алды, - дейді Никола Попович.
Өз кезегінде Роллан ағамыз, ол елдер әдебиетін аударудың қаншалықты болса, соншалықты қиын болғанын атап өтті.
- Бұл кітапта 50-ге жуық ақындардың өлеңдер жинағы топталды. Мұнда көбінде поэзия мен проза жанрындағы шығармалар. Қазіргі заманда КСРО кезіндегі аудармашылық мектеп жоқ, біртіндеп құрып барады, - дейді Роллан Шәкенұлы. - Міне, бүгінгі жарыққа шығарған жыр жинағымыз сол заманның техникасымен, өткен заманның үлгілі мектебімен аударылды.
Жазушы сонымен қатар бұл кітаптардың балалар кітапханаларына, қоғамдық кітапханаларға да тегін таратылғанын айттты. Ал Никола Попович А.С. Пушкин атындағы кітапхана ұжымына кітап данасын өз қолымен табыстады.

Айдос Мырзахметов
Следующая →