Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Мереке күндері 167 қылмыс орын алды

Жаңажылдық мереке күндері Өскемен қаласының тұрғындары Ана мен бала орталығын жаппай «жаулап» алды

Мекеме директоры Сергей Поповтың айтуынша төрт демалыс күндері Ана мен бала орталығына 820-дан аса адам жүгінген, көпшілігі тұмау мен жіті респираторлық вирусты инфекция белігілерімен шағымданған.

- Қаладағы барлық отбасылық амбулаториялар бұл күндері жұмыс істегеніне қарамастан, тұрғындардың басым бөлігі біздің мекемеге жүгінді, - дейді Сергей Попов. - Бұндай дүрлікпе көптен бері болмап еді. Бұның себебі қарапайым, ата-аналардың көбісі отбасылық дәрігерлік амбулаторияда кезек күткісі келмеді. 820-дан аса адамның 670-сі үйлеріне қайтып кетті, яғни, олар кәдімгі емханадағы сынды науқастарды қабылдау бөліміне жүгінген. Біздің дәрігерлер үлгермей жатты. Бақытымызға орай, бізге тамақтан улану, күйік және басқа да төтенше жағдайлармен ешкім шағымданбады.

Ал бірінші қалалық емханада осындай дүрбелең мен науқастардың көп келуі орын алмаған. Дәрігерлердің айтуынша, төтенше жағдайлар тіркелмеген. Оларға көбінесе мұз айдынында елеусіз жарақаттар алған адамдар жүгінген.

Ал полицейлердің пайымдауынша, өскемендіктер осы жылғы Жаңа жылдық мерекені былтырғымен салыстырғанда оқыс оқиғасыз, «тыныш» атап өткен.

- Мереке күндері Өскеменде 167 қылмыс орын алды. Олар тонау, өзгенің мүлкін ұрлау және бұзақылық, бұлардың барлығы дерлік ізі суытылмай ашылды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Аса ауыр қылмыстар орын алмады. Полицияға азаматтар көбінесе туындаған отбасылық арыз-даулы жағдайлар бойынша жүгінген. Барлығына бір-ақ себеп бар. Ол әрине - ащы су. Сонымен қатар тәртіп сақшылары мас күйде көлік тізгінінде болған төрт заңбұзушыны және есірткіге есірген үш қылмыскерді ұстаған. Барлық заңбұзушыларды жүргізу куәлігінен айырады.

Осы орайда ескере кететін жайт мереке күндері облыс бойынша құқыққорғау органдарының қызметкерлері қатаң режимде кезекшілікте болды.

Аяу Төлеубек
Следующая →