Елдегі сотталғандар саны азая ма?
Жақында ҚР Ішкі істер министрлігі сотталушылар санын азайтып, бюджет қаражатын үнемдеуге септігін тигізетін пробация туралы заң жобасын ұсынған
Егер ауыр емес, орташа санатты қылмыс жасап, қателескен азамат түзету мекемесіне жіберілмеуі керек деген қағиданы көздейтін режім енгізілсе, сотталушылар саны азая түспек.
Әзірге бұл тек кәмелеттік жасқа толмаған, балалы немесе жүкті әйелдер, мүгедектер мен зейнеткерлерге қатысты. Бірінші тыңдалымда оларға пробациялық қызметке жүгінуге болатындығы хабарланады. Ал пробация қызметкерлері қылмысты жеңілдете түсетін құжаттар жинаумен айналысатын болады. Ал сот осы құжаттар негізінде үкім шығарады.
Қазір заң жобасы тек қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттарға ұсынылды.
Жалпы бүгінгі таңда елдің пробациялық қызметі тергеу кезінде құқықтық көмек көрсету және түрмеден босатылғандарды бейімдеу жұмыстарымен айналысады.
- Бүгінгі күні қала әкімшілігімен аталған санаттағы адамдарға жұмыс квоталарын бөлу, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік көмек көрсету, кәсіби оқыту және одан әрі жұмыспен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, - дейді Өскемен қаласы прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі Еркін Абиханов. - Өздеріңізге белгілі, бұрын сотты болған азаматтарға көпшілік сенімсіздікпен қарайды. Сол себептен сотталғандардың қоғамға заңды сыйлайтын және оған бағынатын азамат болып оралуына қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Негізінен әлемдік тәжірибеде пробацияның 4 сатысы бар болса, біздің елде екі үлгісі қолданылады. Ол сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация түрлері.
- Сотқа дейінгі пробация кәмелеттік жасқа толмаған, балалы немесе жүкті әйелдер, мүгедектер мен зейнеткерлерге қолданылады, - дейді Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дамир Мұхажанов. - Яғни, пробация қызметі қылмыстық қуадалау органдары мен сот өтініші бойынша сотқа дейінгі баяндама жасайды. Бұл құжат сотталушының мінез-құлқын толықтай ашып береді. Ал пенициарлық пробация белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылған, жазасын өтеуіне бір жыл қалған азаматтарға қатысты. Бұл кезде қызметкерлер сотталған азаматты сот үкімі шыққан күннен бастап қоғамға қайта бейімдеуді қолға алады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың тоғыз айында пробация қызметі есебінде тұрған 259 тұлға жұмысқа орналасса, олардың 11-і квота бойынша, ал 8-і әлеуметтік жұмысқа, 58-і бос жұмыс орындарына, қалғандары жеке меншік өндіріс орындарына орналастырылған.
ҚР ІІМ ұсынып отырған заң жобасы пробациялық қызметке қосымша қаржыны да талап етпейтін көрінеді. Айта кетейік, жыл сайын қылмыстық-атқару жүйесіне, оның ішінде түрмелерді қамтуға мемлекет қазынасынан 35 млрд теңге бөлінеді екен.
Назерке Нұрболатқызы
Следующая →

Тақырыптар:
Елдегі сотталғандар саны азая ма?