Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мерейтойлық банкноттар қандай болмақ?

23 жыл бұрын Қазақстан ұлттық валютасы ретінде теңге бекітілді. Төл валютамыз әлем кеңістігінде ең әдемі ақшалар ретінде бағаланып келеді

Ұлттық валютамыздың ресми түрде қабылданған күнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа ескерткіш 5 мың теңгелік монетаны шығару туралы хабарлады.

- Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Бұл ерекше күн. Бұл өткенімізге көз тастап, жетістіктерімізбен жеңісімізді бағалайтын уақыт. Атқарғанымыз да, өзгерістер де көп. Бұл – халқымыз, оның қуаты мен бірлігі, даналығы мен көрегендігі, төзімі мен түсінігі, - деп теңгенің негізгі идясын айтты Данияр Ақышев.

Сонымен қатар 1 желтоқсан тұңғыш Президенттің төл мерекесіне орай, елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мың теңгелік купюралар жарық көретін болады.

- Тәуелсіздік тарихы Елбасының жеке басымен тікелей байланысты. Сондықтан да Ұлттық Банк Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Президенттің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін мерейтойлық банкнотты ұсынып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнесі бар бұл банкнот осы қатарда өзінің лайықты орнын таба алады деп сенемін, - деді Данияр Ақышев.

Айта кету керек, банкноттарда портреттерді бейнелеу арқылы ел өміріне үлес қосқан тұлғалардың маңыздылығын көрсету болып табылады. Өзге елдердің валюталарында да Нельсон Мандела, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және басқа көшбасшылар бейнеленген.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →